ДС - ЖМ
14:30 және 20:00

СЕРИАЛДАР

Семейный бизнес

Кәсіпкер Илья пайыз берушілерге үлкен көлемде ақша қарыз. Жанұя мойынға масыл ғана емес, одан пайда көруге болатынына да көзі жетеді. Қамқорлық көрсету орталығымен шарт жасасып, Илья өз тәрбиесіне бес бала асырап алады: мінезі қиын жеткіншек, арбаға таңылған мүгедек, бұзық егіздер мен біртүрлі бүлдәршән. Бұл «Семейный бизнес» қиындыққа тап болған әкені тығырықтан шығара алды ма? Көпбалалы әкенің басынан кешкен хикаяларын жұмыс күндері сағат 17:00-де біздің арнадан тамашаланыз.

Сваты

Бұл сүйікті немересінің ыстық ықыласы үшін күресетін қос құда туралы комедия. Жап-жас ерлі-зайыпты Маша мен Максим Ковалевтер Италияға суыт жолдама алғанда, бес жастағы сүйкімді қыздары Женяны екі аптаға кіммен қалдырамыз деп дал болады. Көзі ашық, бірақ тәкаппарлау Максимнің ата-анасы жұмысымыз бар деп бас тартады, ал қарапайым қыстақ тұрғындары Машаның ата-анасы Будьколар шаруашылықты сылтауратады. Ерлі-зайыптылар амалсыздан күтуші жалдауға мәжбүр болады, алайда, аталар мен әжелер бірінші күні сүйікті немерелеріне шауып келеді. Бірақ ол жерде бір-бірін көреміз деп күтпеген болатын. Содан бастап құдалар ерке-тотай әрі ойнақы Женяны өзіне баурап алу үшін бір-бірін аяқтан шалуға кірісіп кетеді. Ішек-сілеңізді қатыратын оғаш оқиғалар, сол сияқты, күлкілі дау-дамай мен қызыққа батыратын татуластыққа толы «Сваты» телехикаясын күнделікті біздің арнада сағат 18:00-де көре аласыздар!

Қара маржан

Махаббат пен өшпенділік туралы түрік телехикаясы. Бір-бірін шексіз сүйетін Кенан мен Хазал Егей теңізінің жанында бақытты өмір сүретін. Алайда Вуралдың пайда болуы олардың өмірін астаң-кестең етті. Жас жігіт сұлу да қылықты қыздың алдында сезімін жасыруы мүмкін емес еді. Вурал Хазалдың жүрегін жаулау үшін бар амал-айласын жасайды. Сұлу қыз екі жігіттің қайсысын таңдар екен? 21:00-де жұмыс күндері «Қара маржан» телехикаясын көріңіз!

Ганга

Жастайынан жетімдіктің тауқыметін көрген Ганга есімді кішкентай қыз туралы үнді сериалы. Бұл хикая үнді қоғамында әйел мәртебесінің төмендігін баяндайды. Ата-анасынан, атастырылған азаматынан ерте айырылған Ганга, талай қиындықтармен бетпе-бет келеді. Алайда, ақылы мен тәрбиесінің арқасында Ганга үнді қоғамының ойын өзгертіп, көптің қошеметіне бөленеді. Жұмыс күндері 22:00-де тамашаланыз!

ШОУ

«Битва экстрасенсов»

Жобаға қатысушылар - біліктілік жарыстарында ең жақсы нәтижие көрсеткендер.

«Готовим с Адель»

«Готовим с Адель» жобасы аспаздық тосын сыйларға, ерекше жағымды атмосфераға және Адель Оразалинованың жарқындылығына ие.

ТЕЛЕПРОГРАММА