Тәуекел жасқа қарамайды

Өзінің жетпіс жылдық мерейтойына сый жасаған ақтаулық әже парапланмен көкке самғапты. Бәрінен де қызығы, тәуекелшіл зейнеткер бұған дейін де аспанға көтерілген екен. Тіпті ендігі арманы дельтапланмен ұшу көрінеді. Махабба жасқа қарамайды деуші еді, тәуекел де жасқа қарамайды екен.

70 жастағы Галина Гизатуллинаның бұл әуеге бірінші  рет көтерілгені емес. Парапланмен аспанға осыдан бір жыл бұрын да ұшыпты. Сондықтан кәріліктен қорықпаймын деген зейнеткер бұл экстремалды сапарына да алаңдамапты. Есесіне бір жылдан кейін дельтапланмен ұшамын деп отыр.

Ал Түркия елінің азаматшасы Халиме Ақжан да тоқсанға қараған шағында ерлікке барып, елге танылды. Жүріп-тұруы қиындаса да басын тәуекелге тіккен зейнеткер немерелерінің қарсылығына көнбепті. Сөйтіп 2000 метр биіктікке парапланмен ұшуға асыққаны сонша, тіпті үйде жүрген киімімен шығып кеткен екен.

Ал 32 жыл өздігінен жүре алмайтын 71 жастағы бұл зейнеткердің әрекеті көпті бей-жай қалдырмасы анық. Ресейлік Анастасия Проничкина мүгедектер арбасына таңылса да, 4500 метр биіктіктен парашютпен секіріп, жерге сәтті қонған.

Жағымды әсер, әлде адреналин үшін бе, әйтеуір зейнеткерлердің кейбірі тіпті теңіздерді жүзіп өтуге де әзір. Бұл әзіл емес! Уфа еліндегі мына қария 1000 шақырымды жүзіп өтіп, Уфимка өзенін бағындырған. Егде жасқа қарамаған қарттар ынта болса, қорқынышты бастан кешу қиын емес дейді.

Мейрамгүл Салқымбаева

Похожие новости

Абитуриенты, получившие гранты, со скандалом вынуждены добиваться мест в университете

Абитуриенты, получившие гранты, со скандалом вынуждены добиваться мест в университете

Тенге укрепляется уже четвертый день подряд

Тенге укрепляется уже четвертый день подряд

В Астане встреча владельцев квартир с оператором госпрограммы едва не закончилась дракой

В Астане встреча владельцев квартир с оператором госпрограммы едва не закончилась дракой
 
Комментарии