Алғашқы көмек

Елімізде зардап шеккендерге алғашқы көмек дұрыс берілмегендіктен, көп жағдайда дәрігер келгенше науқастар көз жұмып кетіп жатады. Өйткені, куәгерлер қансырап жатқандарға немесе жүрек талмасына шалдыққандарға қалай көмектесуді біле бермейді. Бүгін «Астана» оқу-клиникалық орталығының  мамандары тілшілерге алғашқы жәрдемді сауатты көрсетуді үйретіп, шеберлік дәрісін өткізді.

Статистикаға сүйенсек, жол-көлік апатына ұшырағандар мен суға тұншығып қалғандарға алғашқы көмек сауатты көрсетілмегендіктен, олардың 90 пайызы куәгерлердің алдында жан тапсырады екен. Мамандар зардап шеккен адамға жәрдем беруде тәртіпке бағыну керектігін айтады. Мәселен, ауа жетпей өлім аузында жатқан адамға ең алдымен жүрек тұсынан 30 рет басып, артынша аузымен дем беру керек. Шеберлік дәрісінде осы қарапайым әдістің өзін журналистер бірден жасай алмай қиналды. Сүйтсе, кинодан көрген әдіс-тәсілдер адам өмірін арашалауда жарамайды екен. Абыр-сабырмен өлім аузында жатқан адамға құр тұра ұмтылудан түк пайда жоқ. Ережеге жүгінбесе жапа шегушілер көбеюі мүмкін дейді дәрігерлер. Сол үшін жұртты алғашқы көмек туралы дәріс алуға шақырады.

РАЙХАН МУСИНА, «Астана» оқу-клиникалық орталығының бас директоры:

– Сондай жағдайдың куәгері болған кезде алғашқы көмекті әрбір адам көмектесуі тиіс. Жүрек өкпе реанимациясын соғұрлым ерте бастаса, соғұрлым адамның өмірін де сақтап қаласыздар, ары қарайғы емделу нәтижесі оңырақ болады.

Похожие новости

Александр Кузнецов покинул Казахстан

Александр Кузнецов покинул Казахстан

Что грозит Александру Кузнецову в случае поимки?

Что грозит Александру Кузнецову в случае поимки?

10 военнослужащих пострадали при взрыве на полигоне «Казахстан»

10 военнослужащих пострадали при взрыве на полигоне «Казахстан»
 
Комментарии