Білім сайысы

Алматыда ағылшын тілін жетік білетін талантты оқушылардың олимпиадасы аяқталды. Үш кезеңнен тұратын білімділер жарысын тек шетелдік мамандар бақылаған. Үздік нәтижемен топ жарған дарынды оқушылар бүгін марапатталды.

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 43 мектеп қатысып бақ сынаған білім сайысында Алматының жекеменшік мектептері үздік болды. Үшінші жыл ұйымдастырылған олимпиада барысында оқушылар математика мен өзге техникалық ғылымдардан ағылшын тілінде жарысқа түсті.

МАНСҰР БОЛАТЖАН, «Зерде» мектебінің 4-сынып оқушысы:

– «Math and science wizards» қалалық олимпиададан 500-ден асқан оқушылардан жоғары жетістікке жеттім. Сол үшін өте қуаныштымын. «Зерде» мектебіме, ата-анама үлкен алғыс.   

КАРИМА ЕРТАРҒЫН, «Galaxy» мектебінің 5-сынып оқушысы:

– Мектепте біз олипиада туралы білмедік. Бізге оны бірнеше күн бұрын ғана айтты. Кейбір тақырыптарды берді керекті болады деп. Соларды өзіміз үйрендік.   

Алғашқы кезеңде ғылыми тапсырмалары бар тест сауалдарына жауап берген оқушылар, екінші кезеңде ағылшын тілінде шығарма жазыпты. Үшінші кезекте бейне тапсырма орындаған оқушыларды тек шетелдік ұстаздар бақылап, бағалапты.

КҮЛЖАН САДУЕВА, «Зерде» мектебінің директоры:

– Пәндерді ағылшын тілінде Кембридж бағдарламасымен оқыту бойынша, балаларды тездетіп соған үйретейік, балаларды тездетіп соған алып бару үшін осындай олимпиаданы өткізіп жатырмыз. Негізгі миссиямыз осы, негізгі мақсатымыз да осы. 

Олимпиада қорытындысына көңілдері толған ұйымдастырушылар келер жылға бұдан да үлкен дайындықпен кірісеміз дейді. Тіпті, бұл білім сайысын респбликалық деңгейде өткізбек.

Жарас Ниязбек, Гарри Бармашев

Похожие новости

История с кражей миллионов долларов из дома в элитном районе Алматы получила продолжение

История с кражей миллионов долларов из дома в элитном районе Алматы получила продолжение

Павлодарский автолюбитель хочет взыскать с полицейских полмиллиона тенге

Павлодарский автолюбитель хочет взыскать с полицейских полмиллиона тенге

Все погибшие при пожаре в Кемерово опознаны

Все погибшие при пожаре в Кемерово опознаны
 
Комментарии