Оразалиннің орыны

Қазақстан жазушылар одағын үзіліссіз 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин өз еркімен қызметінен кететін болды. Ал, бүгінгі жазушылар пленумында көптен бас қоспаған қаламгерлер одаққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Нұрлан Оразалинді аямай сынағандар да аз болмады. Тіпті барша жұрт рухани жаңғырып жатқанда, жазушылар одағы неге жаңғырмай қалды деген де сұрақтар қойылды. 

Таңғы оннан бастап жазушылар одағына жиналған қаламгерлердің қарасы көп. Әдебиетшілер алдында бесінші құрылтайдың өтетін күнін белгілеп, одақ жұмысына баға беру мақсаты тұрды. Ал жиынды бастаған Нұрлан Оразалин бірден алдағы құрылтайда өзінің сайлауға түспейтінін мәлімдеді.   

НҰРЛАН ОРАЗАЛИН, жазушылар одағының төрағасы:

– Түспеймін деген сөзді мен тағы да қайталап айтқым келеді. Үйткені маған жетіп жатқан әңгімеде Нұрлан тағы да алдап-сұлдап, ертең уақытты созып, мына бәйгеге аяқ асты өзі түсіп кетіп осы бесінші рет мына билікті қолына алып алғысы келеді деген сөзді айтатын көрінеді. Ондай болуы мүмкін емес, Қабеке.

Қабеке деп, одақ төрағасының Қабдеш Жұмаділовке қаратып айтуы да бекер емес. Осыған дейін Оразалинге орыныңда отырып алдың деп шүйліккен де дәл осы халық жазушысы еді. Десе де Жұмаділов бұл жолы да қарап қалмады. 

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы:

– Өмірі кешпейтін нәрсе Нұрланның бетінде қалады ол. Алаш деген атты аяққа басып, 42 адамға бір күнде үлестіру деген не болды соншама? Не жетпеді? Алаш сыйлығын 2 адам 3 адам алатын бұрын ұзаса.

Одақ төрағасының жұмысына оң баға бергендер де аз болған жоқ. Әдебиетшілер қаламақы мәселесінің бір жолға қойылуы мен одақ ғимараты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуін Оразалиннің еңбегі деп біледі. Сондай-ақ қаламгерлер одақтың ассамблея мен дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы секілді мемлекет тарапынан қаржыландырылып, идеологияны жүргізетін бірегей ұйымға айналатын уақыты жетті деген пікірлерін де ортаға салды. 

ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК, ақын:

– Баяғыда Колбинді осы жерге шақырып алып тұрып Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шәймерденов сөйлеген кездегі айбар қандай еді, жазушылар одағының? Көкке жетер еді. Ал одан кейін Мұхтар Шаханов ержүректік жасап, аноу бүкілодақтық съезде сөйлегені ол да Қазақстан жазушылар одағының айбары

80 жылдан астам тахихы бар, 800 ден аса ақын-жазушысы бар одақтағылар 5 сағат бойы бес жылдағы қордаланған мәселелерді ортаға салды. Осылайша олар алдағы 12-і наурыз күні одақтың жаңа төрағасын сайлап, жаңаша бағдарлама құрмақ.

Ерқанат Көпжасар, Сергей Шуйский

Похожие новости

Новый вариант казахского алфавита на латинице утвердил Нурсултан Назарбаев

Новый вариант казахского алфавита на латинице утвердил Нурсултан Назарбаев

Будет ли новый вариант казахского алфавита окончательным?

Будет ли новый вариант казахского алфавита окончательным?

Подробнее о новом алфавите: что такое акуты?

Подробнее о новом алфавите: что такое акуты?
 
Комментарии