Өмірі қыл үстінде

Ақтөбеде бауыр дертіне шалдыққан сәби ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер туа біткен бауыр ішілік өт жолдарының бітеулігі диагнозымен ем алып жатқан жеті айлық баланың бауыры тез арада ауыстырылмаса аман алып қалу қиынға соғады дейді. Екі айынан бастап тек аппаратпен өмірін  ұзартып отырған нәрестенің ендігі үміті донорда.

Шынар Қоштанбекова жеті айлық сәбиі дертінен айығар деп күн санап үміттенеді. Өмірге келген екі айынан бастап дәрігерлер оған  бауырының дұрыс жұмыс істемейтінін айтқан. Ота да жасалыпты. Алайда қазір балаға беріліп жатқан ем мен жасалған отадан соң да бүлдіршіннің жағдайы жақсара қоймаған. Тек аппараттың күшімен жатқан сәбиге бауырын алмастыру үшін тез арада донор қажет.

ШЫНАР ҚОШТАНБЕКОВА, нәрестенің анасы:

– Бір мейірімді адамдар болар, менің баламның өміріне араша түсетін, қазіргі таңда. Жылайды, енді, әрбір күнімді қорқынышпен өткізіп келе жатырмын. Менің ешкімге қояр нем жоқ. Трупный донор бәріне очередьке қойып тұр, ол қашанға дейін күтіп отырам мен? Просто қазір баланың бауыры жасамайды деп жатыр, может бір адамдардың арасынан жақсы адамдар шығып қалар, көмектесер деген үмітпен хабарласып тұрмын.

Дәрігерлер өмірге келгеніне небәрі жеті ай ғана болған сәбиге туа біткен бауыр ішілік өт жолдарының бітелуі деген диагноз қойған. Айтуларынша, қазір баланың хәлі өте нашар. Бауырын алмастыруға ата -анасының қан тобы сәйкес келмеген. Дәрігерлер баланың өмірін тек бауыр алмастыру арқылы ғана арашалап қалуға болатынын айтады.

ГҮЛЖАН ТӨЛЕГЕНОВА, емдеуші дәрігер:

– Бала консервативтік емді толық қабылдап жатыр. Оның тиімділігі өте төмен. Анасының, әкесінің қан топтары балаға келмеді. Сәйкессіздік. Донор табылған жағдайда баланың өмірін ұзартуы мүмкін конечно, қосымша ем қажет етеді.

Өмірі қыл үстінде тұрған сәби республикалық донорлар реестріне тізімге алынған. Алайда күн санап сәбиінің өміріне алаңдайтын ананың көңілінде  кезек жеткенше ұлымнан айырып қаламын ба деген қорқыныш басым. 

Жанар Қожанова Бағдат Баймурзин 

Похожие новости

В Казахстане может наступить топливный кризис

В Казахстане может наступить топливный кризис

Тенге 25 лет

Тенге 25 лет

Казахстан ждет холодная и снежная зима

Казахстан ждет холодная и снежная зима
 
Комментарии